«Adal» атауын жамылған партия мәслихатқа лайық дегендерін іріктеп жатыр

16:19, 27 қараша 2020
503

"Adal" саяси партиясы облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды арнайы тестілеуден өткізді, дейді "Adal" саяси партиясы.

Үміткерлерге арналған тест кәсіби құзыреттілікті және жеке ерекшеліктерін бағалауға арналған сұрақтарды қамтиды. Тапсырмаларға келесі қасиеттерді тексеруге арналған сұрақтар енгізілді:

• Коммуникативтілік, тіл табыса білу;

• Логикалық ойлау;

• Ұйымдастырушылық қаситеттері, нәтижеге ұмтылу;

• төзімділік, тәртіптілік;

• Мінез-құлықты басқару және өзін-өзі реттеуі.

Қазіргі уақытта тестілеуге 197 адам қатысты. Оның ішінде, 12 өңірдің 25 үміткері шекті балдарын жинай алмағандықтан, кандидаттар тізімінен шығарылды. Тестілеуге облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттығына үміткер 500-ге жуық кандидат қатысады.

Сондай-ақ, облыстық аумақтық сайлау комиссияларына "Adal" партиясының аймақтық филиалдарынан құжаттар түсе бастағанын хабарлаймыз. Қазіргі уақытта ОСК филиалдарына Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдер бойынша құжаттары берілді. Жақын арада қажетті құжаттар басқа өңірлік сайлау комиссияларына тапсырылатын болады.

19 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында "Adal" саяси партиясының VII съезі өтті. Іс-шара барысында сайлауалды бағдарламаның жобасы ұсынылып, партияның сайты таныстырылды.

2013 жылы "Бірлік" деп құрылған саяси партия 2020 жылдың 5 қарашасында атауын "Adal" етіп өзгертіп қойды. Партияның Саяси кеңесі мүшелерінің құрамында Серік Сұлтанғали, Эльдар Жұмағазиев, Ардақ Назаров, Мақсат Толықбай, Алмасбек Садырбаев, Дәулет Мұқаев, Олжас Ордабаев, Игорь Шацкий, Лаура Маликова деген кісілер тіркелген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!