Абайлаңыз! Шымкентте алаяқтықтың жаңа түрі анықталды

10:13, 4 шілде 2022

© Сурет: pixabay

Шымкент қаласы полиция департаменті алаяқтықтың жаңа түрі туралы мәлімдеді. Қазір күдіктілерді іздеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қаратау аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған.

Қала тұрғынының айтуынша, Facebook желісінде белгісіз біреу ұлттық компаниялардың бірінің атын жамылып, биржа нарығына салған ақшаны еселеп көбейтуге уәде берген. Соған сеніп қалған әйел Meta trader 4 бағдарламасына қомақты қаржы салып, 17 миллион теңгеден астам шығынға батқан. Шымкент қаласы ДП баспасөз қызметі

Ведомство бұл іс ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігі «Аса ірі көлемдегі алаяқтық» бойынша  СДТБТ-ға тіркелгенін атап өтті.

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Тәртіп сақшылары бұл интернет-алаяқтықтың жаңа түрі екенін атап өтті.

Қазір полицейлер күдіктілерді анықтау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!