Абайдың өлеңдері ермек емес – желіде терең ойлы жазба шықты

10:24, 15 шілде 2019

"Мен мүмкін түсінбеймін. Абайдың өлеңдерін оқудан жарыс өтіп жатыр ма", деген сауал тастайды желіде қазақтың әйелі Айгүл Асылбекова-Нөкербаева, деп хабарлайды Zakon.kz.

– Тіпті орыстар қосылатындай бұл не фестиваль? Сол орыс Абайды жақсы көретіндей. Əйтеуір, əсіре елікпе-желікпе елміз ғой. Абайды оқыса қазақ оқысын. Қара сөзін оқысын. Қазақтың қандай билікқұмар, мансапқұмар, қанағатсыз,тойымсыз, ашкөз, даңғой, жалқау, жабайы, дарақы, қызғаншақ, есерсоқ, тоқалшыл, жабысқақ, жағымпаз болғанын білу үшін оқысын. Оқудан озып тұрмыз. Ақылдымыз. Ақылды болсақ неге кедей, неге көнбіс, неге аңқау елміз, – деп жазады ол.

Баяғы жартас сол жартаспыз

– Өзімізше өтірік Абаймен өмірімізді өрнектегіміз келеді. Өткен ғасырлардың шежірелерін айта-айта ауыз көпірді. Қойыңдаршы! Бұл – кезекті науқан. Бізге бүгін Абайдың өлеңі керек емес. Бізге өзгеріс керек. Серпіліс керек. Бізге сəттілік керек. Алға адымдау керек. Керегі – Жер. Шекараны сақтау. Қауіпсіздік. Əділетті заң. Бейбітшілік. Тәртіп. Тазалық. Байлық. Ғылым мен білім. Денсаулық. Прогресс. Сенім. Адамгершілік. Балалардың бақытты өмірі керек. Болашағы бар жастар керек. Бақуатты ата-аналар керек. Күтімі бар қариялар керек, – деп қосады ол.

Неге біз əлі күйзеліп жүрміз?

– Утопия дейсіздер. Иə, бəрі күмәнді. Бізді алда не күтіп тұр? Неге біз əлі күйзеліп жүрміз? Сондықтан қойыңдаршы осы! Жас баладай ермек іздеп, əсіре еліге-желіге бермей. Абай өлеңдері ермек емес. Фестиваль да емес, – деп аяқталады ол кісінің жазбасы.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!