Абай облысында полицейлер алаяқтықпен ірі көлемде ақша жымқырған күдіктіні ұстады
© Фото: Zakon.kz
Абай облысының полицейлері ананың сенімін пайдаланып, ірі көлемде ақша алған алаяқты ұстады.
Семей қаласында полицейлер 30 жастағы жергілікті тұрғынды алдап, ірі сомадағы қаржысын иемденген әйелді анықтады.
Тергеу мәліметінше, 42 жастағы қала тұрғыны танысына қызына төмен бағамен хирургиялық ота жасатуға көмектесетінін айтып, сеніміне кірген. Жәбірленуші оның сөзіне сеніп, күдіктіге 2 миллион теңге берген.
Алайда уәде орындалмай, операция жасалмаған. Ал алынған ақша күдіктінің жеке қажеттіліктеріне жұмсалған. Жәбірленуші алданғанын білген соң полицияға шағымданған. Күдікті ұсталып, тергеу барысында өз кінәсін мойындады.
Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша ірі мөлшерде жасалған алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция қызметкерлері азаматтарды қырағылық танытуға шақырады.
Алаяқтар көбінесе сенімге кіріп, адамдардың жақындарына көмектесуге деген ниетін пайдаланады. Сондықтан ақша немесе құнды зат бермес бұрын ақпаратты ресми көздерден тексеріп, уәделерге соқыр сенім білдірмеу қажет.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:10, 7 желтоқсан 2025
Құтқарушылар алматылықтарға қолайсыз ауа райына байланысты үндеу жасады
-
17:35, 7 желтоқсан 2025
Ақмола облысындағы жолда полицей қаза болды
-
17:09, 7 желтоқсан 2025
8 желтоқсанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
16:46, 7 желтоқсан 2025
IBA аясындағы әлем чемпионаты: бүгін ел намысын үш боксшы қорғайды
-
16:32, 7 желтоқсан 2025
Димаш Құдайберген туралы кітап басылып шықты





