Абай облысында кішкентай қызды зорлады деген күдікті анықталды

21:37, 17 тамыз 2022

© Сурет: polisia.kz

14 тамыз күні кішкентай қызды зорлау фактісі бойынша анасының арызымен облыстық полиция департаментінде сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотқа дейінгі тергеу барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120 және 121-бабының 4-бөлігінде көзделген іс-әрекеттер бойынша айып тағылған күдікті адам анықталды, деп жазды ІІМ-нің ақпараттық порталы.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, сол күні күдіктіге қатысты сот «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкцияланды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Балаға медициналық көмек көрсетілді.

Қылмыстық істі тергеу және болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау Департамент басшылығының ерекше бақылауына алынды, – деді полиция қызметкерлері.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!