Абай облысында ер адамның шұлығынан есірткі табылды

22:36, 20 наурыз 2023

© Сурет: видео скрині

Абай облысында ерлі-зайыпты "синтетикамен айналысқан" деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жүргізушіні жеке тінту жүргізу барысында оң аяғының шұлығынан синтетикалық үлгідегі, ақ түсті ұнтақ заты бар зип-пакет тәркіленді. Сонымен бірге көлік құралын тінту барысында артқы орындықта жатқан жол сөмкесінің ішінен дәл сондай зат бар 2 жинақ тәркіленді.

Зерттеуге ұсынылған зат жалпы салмағы шамамен 400 грамм болатын A-PVP, психотроптық затының аналогы.

Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Осы баптың санкциясы 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!