2020 жылы төрт түлік малға 19 аса қауіпті ауруға қарсы 150 млн екпе жасалады

11:39, 22 қаңтар 2020

2020 жылы жануарлардың аса қауіпті 19 ауруына қарсы 150 млн астам екпе жасау жоспарланып отыр. Тиісті жұмыстар ағымдағы жылдың ақпан-наурыз айларында басталады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде ауыл шаруашылығы малдарының аса қауіпті ауруларының алдын алу үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жыл сайын халықаралық стандарттар бойынша сертификатталған ветеринариялық препараттармен қамтамасыз етеді.

Ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті 2019 жылы жануарлардың аса қауіпті 17 ауруға қарсы вакциналарды (оның ішінде құтыру, аусыл, сібір жарасы, оба, пастереллез, туберкуллез, ҰҚМ шешегі, құс тұмауы, нодулярлық дерматит және т.б.) сатып алды. Осылайша, жыл ішінде 140 696 651 жануар мен құсты вакцинациялау бойынша жоспар 100%-ға орындалған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!