2020 жылы Қазақстаннан 7 мыңнан астам адам көшіп кетті

15:23, 29 мамыр 2020
508

2020 жылдың қаңтар-наурызында елден 7,3 мың адам кетіп қалды, деп хабарлайды zakon.kz finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Ал 2019 жылы елден 45,2 мың адам көшіп кетіп, 12,3 мың адам келген.

Биылдың үш айында Қазақстаннан кеткендердің дені еңбекке жарамды 16 жастан бастап зейнет жасына дейінгі адамдар, олардың үлесі 5,4 мың немесе елден кеткендердің 72,9%. 15 жасқа толмай кетіп қалғандар 1,7 мың, зейнет жасынан асқандар – 326 адам.

Қай өңірден көп көшіп жатыр дегенде алдымен Шығыс Қазақстан облысы аталады, бұл жақтан жыл басынан наурызға дейін 1,2 адам қашты. Қостанай облысынан 917 адам, Павлодар облысынан – 857 адам кетті.

Қарағанды облысы мен Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары да Қазақстандағы өз орнын босатуға бейім екен – тиісінше, 830 және 728 адам.

"Қазақстаннан кеткіштер" көбіне Ресейге кетеді: 6,4 мың адам немесе кеткендердің 86,6%.

456 адам "Германия қайдасың", деп тартты. 115 адам Өзбекстанға өтті.

АҚШ-қа әрең дегенде 106 адам қоныс аударып кетсе, ең тыныш жерлердің бірі – Беларуське 51 адамымыз кетті.

Қазақстаннан жасы 15-тен жоғары 4,3 мың маман кетті. Оның ішінде 1,2 мың адамның техникалық мамандығы болатын. 704 адамның экономикалық, 353 адамның педагогикалық мамандығы болған екен.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!