2016 жылы Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының төрттен бірі жабылды

12:00, 20 ақпан 2017

2016 жылдың қорытындысы бойынша, жеңіл өнеркәсіптегі өнімдердің көлемі 1 пайызға азайды. Бұл туралы Finprom.kz сараптама агенттігі жазды. 

Қиын жағдайға тап болған секторлардың бірі ретінде былғары өнімдерінің кәсіпорындары тіркелген. Онда 2016 жылы өткен жылмен (2015 жылмен) салыстырғанда 13 пайызға аз өнім жасалған. Сондай-ақ, дайын киімдерді шығару көрсеткіші 0,8 пайызға азайды.

Өндіріс көлемі азайғанмен, жеңіл өнеркәсіп аталған сектордағы баға 12 пайызға қымбаттауы есебінен алға жылжыған.

Одан бөлек, өнеркәсіп орындарының саны азайып келеді. 2016 жылы жеңіл өнеркәсіптегі белсенді өндірушілер саны 27 пайызға кеміп, 79-дан 58-ге дейін азайған. Оның ішінде ең көп ойыншысын жоғалтқан сектор ретінде 33 пайыз немесе 12 кәсіпорын жұмысын тоқтатқан тоқыма өндірісі тіркелді. Киім өндіруші кәсіпорындар сегізге азайса, былғары өнімдерін жасайтын алты кәсіпорын ғана қалған.  

 

Дереккөз: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!