2020 жылы қауіпсіздік пен қорғанысқа 1,5 трлн теңге жұмсалмақ

16:12, 12 қыркүйек 2019
351

ҚР Парламенті Мәжілісінде 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасының таныстырылымында Қаржы бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұлов мемлекеттің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету және қоғамдық құқықтық заңдылықты қорғауға жұмсалатын шығындар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

- Қорғаныс және мемлекеттік қауіпсіздік, құқық қорғау және ішкі тұрақтылықты сақтау, халықтың қауіпсіздігін және дағдарыс жағдайында басқарудың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін үш жылдық мерзімге 4,3 трлн теңге қарастырылған, оның ішінде 2020 жылға 1,5 трлн теңге, - деді ол.

Жалпы, оның айтуынша, үш жылдық кезеңде республикалық бюджеттің кірісі (трансферттерді қоспағанда): 2020 жылы – 8 трлн теңгені, 2021 жылы – 8,6 трлн теңге, 2022 жылы – 9,4 трлн теңгені құрайды.

Сонымен бірге, республикалық бюджеттің шығыстары 2020 жылы 12,7 трлн теңгені құрап, ағымдағы жылдың жоспарына тағы 809 млрд теңгеге өседі, (2021 ж. – 13,2 трлн теңге, 2021 – 13,6 трлн теңге).


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!