2017 жылы халықтың базалық цифрлық сауаттылық деңгейі 77 пайызды құрады

09:46, 18 сәуір 2018

Алматы. 18 сәуір. 7kun.kz – Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері қаралды деп жазады primeminister.kz.

Адам капиталын дамыту «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі: мұнда халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін 2022 жылға қарай 83 пайызға дейін көтерудің мақсатты индикаторы қарастырылған.

Ал Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің деректері бойынша  2017 жылы халықтың базалық цифрлық сауаттылық деңгейі 77 пайызды құрады.

Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру екі негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады. Мемлекеттік бағдарламаның мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін 2018 жылы шамамен 500 мың адамды оқыту қажет. Оқыту жұмыстары осы жылдың 1 маусымынан басталады.

«Бастау Бизнес» жобасы аясында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы цифрландыру дағдыларына 380 мың адамды оқытады. Жалпы, 2022 жылға қарай жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, базалық білімге 8 млн адамды оқыту көзделген.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!