2018 жылғы бюджет түсімі 8 трлн 578 млрд болады
Мәжіліс мақұлдаған үш жылдық бюджет туралы заң бүгін сенаторларға таныстырылды.
Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов жоғары палата депутаттарына басты қаржылық құжаттың құрылымын таныстырып, 2018 жылғы бюджет түсімі 8 трлн 578 млрд болатынын айтты.
Бұл былтырғыдан 1 трлн теңгеге аз. Мұны министр мұнайдан түскен табыстың төмендігімен түсіндірді. Құжатқа қатысты сенаторлар біраз сұрақ қойды. Мысалы Бірғаным Әйтімованы «Қазақтур» АҚ-ын қаржыландыру неге бюджет есебінен жүргізілетіні қызықтырды.
Мәдениет және спорт вице-министрі Асқар Баталов: «Бұл қаржы ІЖӨ туризмнің үлесін 2025 жылы 8 пайызға жеткізу үшін қажет», – дейді. Ал Динар Нүкетаева бюджетте білім саласына бөлінетін ақшаның керісінше, азайып бара жатқанына алаңдаулы.
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:29, 19 сәуір 2024
Атырау қаласының әкімі кенеттен қайтыс болды деген фейк ақпарат тарады
-
22:14, 19 сәуір 2024
Су тасқынынан зардап шеккен азаматтар бүлінген қай мүлкі үшін өтемақы ала алады
-
22:00, 19 сәуір 2024
«Мектептерге теракт жасалады». Атырау полициясы анонимді Telegram-арнаның авторын тапты
-
21:43, 19 сәуір 2024
Гимнастикалық ат снарядында өнер көрсеткен Курбанов та Париждегі Олимпиадаға жолдама алды
-
21:14, 19 сәуір 2024
Павлодар облысындағы аудандардың бірінде су тасқынынан зардап шеккендерге үй салына бастады