2019 жылдың желтоқсан айында инфляция 0,7% құрады

10:57, 29 қаңтар 2020

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, 2019 жылғы желтоқсанда инфляция 0,7% құрады (2018 жылғы желтоқсанда - 0,7%). Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды zakon.kz.

Жылдық инфляция 5,4% деңгейінде болып, (2018 жылғы желтоқсанда - 5,3%) нысаналы мақсатты дәліз - 4-6% деңгейі ішінде қалды. Инфляция құрылымына келсек, азық-түлік тауарлары бағасындағы жыл бойындағы инфляция көрсеткіші 9,6% -ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар - 5,0% -ға, ақылы қызметтер - 0,7% -ға өсті, делінген хабарламада.

2019 жылғы желтоқсанда халық арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша келесі жылы күтілетін инфляция көлемі 5,6% деп бағаланды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!