2019 жылдың қаңтарынан көмірдің сатылымын онлайн бақылауға болады

16:59, 21 қыркүйек 2018
381

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) «Виртуалды қойма» модулі Ақпараттық жүйесін іске қосады. Яғни 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап көмірді сату «Виртуалды қойма» модулі арқылы жүзеге асырылатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

МКК-дан мәлім еткендей, онлайн-қойма салық төлеушінің қоймасында қанша көмір қалғанын көруге, сондай-ақ өндірушіден (жерқойнауын пайдаланушы) соңғы тұтынушыға дейін отынның жылжу тізбегін бақылап отыруға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, тауарға кіріс құжаттарын толтырмастан оны сатуға мүмкін болмайды. Бұл заңсыз операциялар қаупін барынша азайтады.

«Осылайша, «Виртуалды қойма» модулін қолданысқа енгізу, көмір нарығын анағұрлым айқын етеді және көмір өндіретін және сататын компаниялардың көлеңкелі айналымын айтарлықтай төмендетеді. Сонымен қатар, Қазақстан нарығында әлеуметтік қажетті тауардың тапшылығы мен қымбаттылығына байланысты шиеленісті азайтуға мүмкіндік береді», - деді МКК-дан.

«Виртуалды қойма» модулін пайдаланудың нұсқаулықтары және видеосабақтар мына сілтеме бойынша орналасқан.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!