2018 жылдың бірінші тоқсанында 2,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

11:07, 17 сәуір 2018
448

Алматы. 17 сәуір. 7kun.kz – Бұл туралы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкмет отырысында айтты деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. 

«Құрылыс бойынша нақты көлем индексі 105,9 пайыз болды. Көктем шығып, жұмыстардың басталуына байланысты жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі өсті. Жалпы көлемі 2,9 млн шаршы метр болатын тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру жылдық жоспар процентінің 24 пайызын құрады»,-деді министр.

Жалпы республика бойынша 25 301 баспана пайдалануға берілді. Оның ішінде 9 200 жеке үй бар.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!