7 жыл бойы ұрып-соққан: Қазақстандық азамат некедегі әйелін өз-өзіне қол жұмсауға итермелегені үшін сотталады
© Фото: pexels
Ақмола облысында әйелдің өз-өзіне қол жұмсауына қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық прокуратураның хабарлауынша, бұған дейін Көкшетау полициясы жас келіншектің асылып өлуіне қатысты қылмыстық істі қысқартқан. Алайда прокурорлар істі қайта қозғады.
Қылмыстық істің тергелуі облыстық полиция департаментінің тәжірибелі қызметкеріне тапсырылды, ол іс-әрекеттерді үйлестіру және қалалық прокуратураның қадағалауымен болған оқиғалардың шынайы мән-жайын және өз-өзіне қол жұмсау себебін қалпына келтіре алды.
Тергеу нәтижесінде Красный Яр ауылының тұрғыны жүйелі қорлау, ұрып-соғу және басқа да зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы 7 жыл бойы азаматтық некедегі әйеліне физикалық және психикалық азап әкелгені анықталды, бұл – оның өз-өзіне қол жұмсауының қайғылы салдарына әкелді.
"Күдіктінің әрекеттері ҚК-тің 105-б. 2-б. 1-т. (өзі-өзі өлтіруге дейін жеткізу) 110-б. 2-б. 1-т. (жүйелі қинау) сәйкес сараланды." Ақмола облысының прокуратурасы
ҚК 105-б. 2-б. санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны, ҚК 110-б. 2-б. санкциясымен төрт жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.
14.10.2024 жылы күдіктіге қатысты қылмыстық іс Көкшетау қалалық сотына жіберілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:14, 29 қараша 2024
Ерлан Қарин: Ведомстволық наградалар саласын ретке келтіру керек
-
17:55, 29 қараша 2024
АЧ-2024: Жарыс бастала салысымен Қазақстан боксшылары алты медальға таласу құқығына ие болды
-
17:16, 29 қараша 2024
Түркістанның қос тұрғынынан діни мазмұндағы 39 кітап тәркіленді
-
17:16, 29 қараша 2024
«Буран» ғарыш кемесінің қожайыны Дәурен Мұсаға іздеу жарияланды
-
17:02, 29 қараша 2024
«Боран» ғарыш кемесінің иесі Дәурен Мұсаға іздеу жарияланды