5 жастағы қызды іздеу жұмыстары: Алқапқа шарға байланған тәттілер қойылды

18:19, 9 тамыз 2022
399

Қостанай облысы. 9 тамыз. 7kun.kz – Қостанай облысында жоғалған 5 жасар қызды табу үшін жүгері алқабына ас-су мен тәттілер шарға байлап қойылды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Жедел штабтың сағат 16.00-де таратқан ақпараты бойынша, қыз әлі табылған жоқ.

Тәртіп сақшылары шарға байланған тәттілерменмен жасалып жатқан әрекетттің негізгі мақсатын түсіндірді.

«Ол бір жағынан іздеушілерге белгі сияқты беріп тұрады. Әрбір алқапта биік жерде бақылаушылар отыр, олар жоғарыдан бәрін қадағалайды», – деді облыстық полиция департаментіндегілер.

Ееше кешкі уақытта жоғалған қызды жүгері алқабының маңайында көрген. Бір топ адамды байқаған ол қайта жасырынып қалған.

Алқаптан тістелген жүгері табылды. Соған қарағанда кішкентай қыз тірі, ал іздестіру шаралары жалғасуда. Кешкі алтыдан кейін алқаптардың үстімен дельтапландар ұшады.

Айта кетейік, үйінен қашып кеткен қызды үш күннен бері іздестірілуде. 5 жасар Мәдина 7 тамызда таңғы сағат жетінің кезінде терезеден шығып кеткен.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!