11 жастағы баласын көлік рөліне отырғызған анаға айыппұл салынды

11:29, 26 сәуір 2018

Алматы облысында тәртіп сақшылары 11 жастағы баласын жеңіл көлік рөліне отырғызған адамды анықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі

Облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, әлеуметтік желілерде республикалық маңыздағы жолда көлік жүргізіп келе жатқан жасөспірім туралы видеоролик пайда болған. Интернет қолданушылары ол видеодағы баланың әрекеті мен оның қасындағы ересек адамдарға қатысты әртүрлі пікір жазды.

«Ұйымдастырған шара нәтижесінде «Лада гранта» көлігінің иесі анықталды. Ол Алматы облысының Іле ауданында тұратын 41 жастағы әйел болып шықты. Видео 22 сәуір күні «Алматы-Қапшағай» тасжолы бойында түсірілген. Көлік рөлінде 2007 жылы туған бала отырған. Оның анасы рөлді басқарып отырған баласының әрекетін қадағалағанын, бала жүргізушінің тізесінде отырғанын айтты. Дегенмен көлік иесіне 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды», - дейді құқық қорғау органдарындағылар.



Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!