42500 теңгені бұл жолы кім, қашаннан бастап және қалай алады

17:49, 14 шілде 2020
205

COVID-19 ауруына байланысты жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шектеу шараларының енгізілуіне байланысты жалақы сақталмайтын демалыста жүрген немесе табысын жоғалтқан жұмыс істейтін азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшерінде біржолғы төлем төленеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.

"Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру аясында коронавирустық инфекцияға байланысты жағдайды тұрақтандыру үшін қатаң шектеу шараларын енгізу салдарынан табыстарын жоғалтқан мұқтаж азаматтарға ағымдағы жылдың шілде айында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы (42 500 теңге) мөлшерінде біржолғы төлем жүзеге асырылады", – деді ол.

Министр біржолғы төлемді тағайындауға өтінімді:

– жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберілген жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер;

– карантиндік шаралардың күшеюіне байланысты қызметі шектелген жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар бере алатынын айтып өтті.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі біржолғы төлемді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеуде.

"Біз жұма күні азаматтардың өтініш беруге мүмкіндігі пайда болады деп үміттенеміз, ал дүйсенбіден бастап төлемдерді тағайындауға кірісуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ біз жекелеген санаттағы азаматтар үшін проактивті форматта төлем тағайындау мүмкіндігін қарастырамыз", – деді Біржан Нұрымбетов.

Еңбекминінің басшысы сонымен қатар бейресми түрде өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарға біржолғы төлемге өтініш беру үшін БЖТ-ны қайта төлеу міндетті емес екенін атап өтті.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір