42500 теңге төлем алудың тікелей нұсқаулығы

14:45, 7 сәуір 2020

Өтініш беруші жалған ақпарат бергені үшін жауап береді.

Егер Сіз:

1) жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген ШОБ субъектісінің қызметкері;
2) жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген ірі кәсіпкерлік қызметкері (карантин енгізілген елді мекендерде);
3) жалдамалы еңбекті пайдаланбайтын ЖК;
4) жеке практикамен айналысаңыз;
5) Өзін-өзі жұмыспен қамтыған, БЖТ төлейтін
6) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын
7) жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген коммерциялық емес ұйымдардың (мемлекеттік мекемелерден басқа) қызметкері

Сіз өтінім бере аласыз:

1. egov.kz-те бір реттік пароль арқылы
2. 42500.enbek.kz арқылы
3. Telegram-бот арқылы (қызметкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін)

Egov.kz-те бір реттік парольді қолдана отырып төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылғаны үшін 42 500 теңгеге қалай жүгінуге болады?

1. egov.kz-тің басты бетіндегі "ТЖ кезеңіне 42 500 теңге төлеу" таңдау
2. Бір рет қолданылатын пароль арқылы авторизацияланыңыз
3. Пішімді (форма) толтырыңыз
4. "Жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісемін" таңдап, жанына белгі қойыңыз
5. "Ары қарай" батырмасын басыңыз

42500.enbek.kz сайтында төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылуына байланысты 42 500 теңгеге қалай өтінім беруге болады?

1. ЖСН көрсетіңіз
2. Жұмыс берушінің БСН көрсетіңіз.

Егер сіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған болсаңыз, тиісті ұяшыққа таңдау белгісін қойыңыз, тіркеу аймағын және мекен-жайын көрсетіңіз

3. Аты-жөніңізді көрсетіңіз
4. Банктік шот нөмірін көрсетіңіз (IBAN)
5. E-mail көрсетіңіз
6. Белгі қойыңыз (дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру, ТЖ байланысты табысынан айырылғанын растау туралы, жалған ақпарат бергені үшін жауапкершілік туралы ескерту)
7. "Өтінім беру" батырмасын басыңыз
8. Телефон нөмірін көрсетіңіз
9. Телефон нөмірін СМС-пен жіберілген кодпен растаңыз

@ Help42500Bot Telegram-bot арқылы төтенше жағдайға кезеңінде табысынан айырылуына байланысты 42 500 теңгеге қалай өтініш беруге болады?

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар өтініш беру үшін:

* Өтінім берер алдында БЖТ төлеу керек

1. "Өзін-өзі жұмыспен қамтыған" батырмасын басыңыз
2. Өз ЖСН енгізіңіз;
3. Электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз;
4. Телефон нөмірін енгізіңіз;
5. Сіздің банктік шотыңыздың нөмірін (IBAN) енгізіңіз;
6. Өз сұрауыңызды растауыңыз қажет;

Содан кейін сіз хабарлар аласыз:

* Сіздің өтініміңіздің қабылданғаны туралы
* Сіздің өтініміңіздің тіркеу нөмірі;
* Сіздің өтініміңізді өңдеу туралы жауап.

Қызметкерге өтініш беру үшін:

1. "Қызметкер" батырмасын басыңыз;
2. Өз ЖСН-ді енгізіңіз;
3. Сіз жұмыс істейтін ұйымның БСН енгізіңіз;
4. Электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз;
5. Телефон нөмірін енгізіңіз;
6. Банктік шот нөмірін (IBAN) енгізіңіз;
7. Өз сұрауыңызды растаңыз;

Содан кейін сіз хабарлар аласыз:

* Сіздің өтініміңіздің қабылданғаны туралы
* Сіздің өтініміңіздің тіркеу нөмірі;
* Сіздің өтініміңізді өңдеу туралы жауап.

БЖТ-ны қалай төлеуге болады?

1. Банктердің мобильдік қосымшаларының көмегімен
2. 5505-ке мәтіні бар SMS жолдау (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін):
Қала тұрғындары үшін: GORODESP ЖСН (өз ЖСН көрсету)
Ауыл тұрғындары үшін: SELOESP ЖСН (өз ЖСН көрсету)

IBAN-ды (20 таңбалы банк шоты) қалай тексеруге болады?

* Төлемді аудару үшін арнайы банктік шот ашу қажет емес.

Халық банк:

1. 7111 нөміріне ЖСН жібересіз. Жауапқа Сіздің шот нөміріңіз келеді.

2. Мобильдік қосымшада:

Kaspi.kz мобильдік қосымшасы

Мой банк / Kaspi Gold / О карте Kaspi Gold / Реквизиты

Қазпошта

Келесі нөмірлерге қоңырау шалып:

Дереккөз: enbek.kz


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!