60-тағы шал 18-дегі қыздың денесіне қол жүгірткен. Тальгодан тағы шу шықты

17:44, 8 қараша 2019

ҚР Бас көлік прокуратурасы Тальго пойызында зорлық-зомбылық жасау әрекеті фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

- 2019 жылдың 3 қыркүйегінде бұл оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынған. 2 қарашада Қарағанды ​​– Сортировочная стансасы желілік полиция бөлімі қылмыстық құрамның жеткіліксіздігіне байланысты сотқа дейінгі тергеуді тоқтату туралы шешім қабылдады. 8 қарашада Жезқазған көлік прокуратурасы бұл шешімінің күшін жойды және істің барлық мән-жайын толық және объективті тергеуді қамтамасыз етуге бағытталған нақты жазбаша нұсқаулар берді. Қылмысты тергеу барысы Бас көлік прокуратурасының жеке бақылауында, - дейді ондағылар.

Тальгодағы кезекті ұятсыз оқиға туралы Facebook-тегі парақшасында "Не молчи" қоғамының мүшесі Дина Смаилова жазған болатын.

"...2019 жылдың 2 қыркүйегінде Петропавлдан Тальго пойызына ағасы мен қарындасы мінеді, олар әке-шешесінің үйінде болып, енді өз бағыттарына қайтып бара жатқан. Қыздың ағасы Қарағандыдағы стансада түсіп қалады, ал 18-ге енді толатын бойжеткен университеттің студенті болғандықтан Алматыға ары аттанады. Вагонда ешкім қалмайды, сағат 23.50-де купеге 60 жастағы егде адам кіреді, одан басқа ешкім болмаған.

Қыз қатты ұйықтап жатқан бір уақытта ішіне тиген қолды сезеді. Түкке түсінбей ұйқылы-ояу қыз басын көтергенде купеге жолсерік кіріп келеді. Ол ер адамға бірдемені беріп, қайта шығып кетеді. Қыз үнсіз теріс қарап, қайта жатады. Сол кезде әлгі жағдай қайта қайталанады. Қыз аттып тұрып, жарықты жағады. Сөйтсе қарама-қарсысында әлгіндегі егде адам тек іш киіммен отырады. Ол бірден купеден атып шығып, жолсерікті шақырады. Ол кондукторға болған жайтты айтып, өзін басқа жерге ауыстыруды сұрайды. Жолсерік қыздың айтқанын істейді.

Ол заттарын жинап жатқанда қасындағы жолаушыға: "Ұялмайсыз ба, қызыңыздай баламын, мен әлі кәмелет жасқа толмағам", - дейді. Тұрсимен шалқасынан жалаңаш жатқанына еш қымсынбаған ер адам шариғат бойынша қыз бала 12 жастан бастап ересек болып саналатынын, бұрынғы қыздар жастай күйеуге тигенін дәлелдейтін қазақ жазушыларының еңбектерін атай бастапты. Қыз оның айтқанын әрі тыңдамай, кетіп қалған. Бірақ бірден ағасына қоңырау шалған.

Ағасы жолсерікпен сөйлесіп, полиция шақыруды сұрайды. Ақыры бұл оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 1-бөлігі бойынша (сексуальдық сипаттағы зомбылық әрекеттері) іс қозғалды, сараптамалар тағайындалды, одан кейін не болды дейсіздер ғой. Түк те. Қазақстанда ондайларды жазалайтын заң жоқ болып шықты, сондықтан біздің әйелдер мұндайды еріксіз үнсіз қалуды жөн көреді.

Бұрын спортшы болған, онда да еңбегі сіңген бұл құрметті азамат жазадан сытылып кетуі әбден мүмкін. Айтқандай, сотта ол кісі не деді дейсіздер ғой. "Байқаусызда құлап, қолым тиіп кетті" деді әдеттегідей, делінеді жазбада.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!