1-сыныпқа баратын балалардан тест алуға ешкімнің қақы жоқ

12:54, 28 мамыр 2020
780

Балаларды бірінші сыныпқа қабылдаған кезде мектеп олардан тест алуға құқылы емес. Бұл туралы Алматы қаласының білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Ермекбаева мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Балалары бірінші сыныпқа баратын барлық ата-аналарға ескерткім келеді. Бір де бір мектеп бірінші сыныпқа баратын балалардан тест алуға құқығы жоқ. Олар бәрін бірдей қабылдауға міндетті. Егер мұндай жағдайлар болса, бізге хабарласыңыздар", - деді ол арнайы брифингте.

Алматыда баланы bilimalmaty.kz порталы арқылы мектепке тіркетуге болады. Ол үшін порталға ИИН арқылы тіркеліп, тұратын мекен-жайыңызды көрсетсеңіз болғаны.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!