1 шілдеден бастап темекі қымбаттайды

14:30, 30 маусым 2020
592

2020 жылдың 1 шілдесінен бастап 31 желтоқсанға дейін фильтрлі және фильтрсіз темекінің бөлшек саудадағы ең төменгі бағасы 440 теңгені құрайды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазіргі уақытта (2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 30 маусымға дейін) фильтрлі және фильтрсіз темекінің бір қорабының бөлшек саудадағы ең төменгі бағасы 420 теңге болған еді, - деп атап өтті Маңғыстау облысы бойынша МКД.

Айта кетсек, фильтрлі және фильтрсіз темекіге арналған бөлшек сауда бағалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі "Фильтрлі және фильтрсіз темекілердің бөлшек саудадағы бағаларын белгілеу туралы" қаулысымен бекітілген.

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап темекі мен темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы 460 теңгені құрайды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!