9 шілде – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні
© Сурет: Zakon.kz
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы бұқаралық ақпарат құралдарына Құрбан айт биыл 9 шілде күні басталатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Һижри жыл санауы бойынша 1443 жылдың зұлхижжа айының басталуы 30 маусым болып бекітілді. Ал арапа күні 8 шілдеге сәйкес келеді. 9 шілде – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні.
Бас мүфтидің айтуынша, зұлхижжа айының алғашқы он күнінде барынша ықыласпен ғибадат етіп, көбірек ізгі істер мен жақсы амалдар жасауға тырысу керек. Өйткені хадистерде сол уақытта орындалған игі істердің сауабы еселеніп жазылатыны айтылған.
Ал арапа күні, яғни биыл 8 шілдеде ораза тұту – сүннет. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Арапа күні ораза ұстау арқылы Алладан өткен және келесі жылдың күнәсін кешіруді үміт етемін» деген.
Құрбан айт намазынан кейін үш күн ішінде жағдайы келген мұсылманға құрбандық шалу – міндет. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Раббыңның разылығы үшін намаз оқы және құрбандық шал» («Кәусар» сүресі, 2-аят) деп бұйырған. Алла Тағала елімізге амандық, жұртымызға тыныштық бергей. Ізгі ниетпен шалатын құрбандығымыз, қажылық сапарында жүрген жерлестеріміздің қажылығы қабыл болғай. Әмин! деді – Наурызбай қажы Тағанұлы.
Оқи отырыңыз
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:05, 29 наурыз 2024
Алматы полициясы GSM терминацияға арналған алаяқтық жабдығы бар пәтерді анықтады
-
14:11, 29 наурыз 2024
Көкшетауда төтенше жағдай жарияланды
-
13:51, 29 наурыз 2024
Қазақстанда педагогтерді жұмысқа қабылдау жүйесі автоматтандырылды
-
13:37, 29 наурыз 2024
Қазақстанда есірткі сатқаны үшін қанша полиция қызметкері сотталды
-
13:19, 29 наурыз 2024
Тараз тұрғыны әпкесінің атына жасырын үш несие рәсімдеген