6 сәуірден бастап Қазақстан оқушылары қашықтықтан оқуға кіріседі

19:16, 23 наурыз 2020
879

6 сәуірден бастап қазақстандық оқушылар қашықтықтан оқи бастайды. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

"6 сәуірден бастап қазақстандық мектептер қашықтықтан оқытуға көшеді. Қазір ҚР Білім және ғылым министрлігі оны жүзеге асырудың тетіктерін әзірлеп жатыр. Көп ұзамай ата-аналар барлық қажетті ақпараттарды алады", - деді министр.

Оның айтуынша, "Балапан" және "Ел Арна" телеарналарында мектеп оқушыларына арналған қосымша видео сабақтар беріле бастайды.

Бірақ, бұл - негізгі емес, қосымша шара. Бұл сабақтарды Білім және ғылым министрлігі дайындайды, - деді Дәурен Абаев.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!