21 сәуір күні Алматы көшелерінің жартысы жабылады

11:56, 16 сәуір 2019
315

21 сәуір күні марафон өтуіне байланысты Алматы көшелерінің жартысы жабылмақ, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Марафон өтуіне байланысты қала көшелерінің жартысы жабылады. Түсінісітікпен қарап, жексенбі күні бағыт-бағдарларыңызды алдын ала болжауды сұраймыз, - деді ведомстводағылар.

Сонымен қатар жыл сайын өткізілетін "Алматы марафон" шарасына әлімнің 53 мемлекетінен келген 17 мың спортшының қатысатыны хабарланып отыр.

Алматы қаласының ПД қаладағы көшелердің қайсысы және қай уақытта бекітілетіні жайлы көрнекі картаны ұсынды.

Алматы қаласы ПД баспасөз қызметінің видео кадрынан алынды


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!