2-3 сағат босқа тұрады. Линейканың керегі не?

16:25, 16 тамыз 2019

Еркін ойлайтын сарапшы Меруерт Махмұтова желіде шын да тың ұсыныс жазып, білім саласындағы біраз басшының жағасын ұстатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

– Лентаны ашсам, Тамыз конференциясының суреттері қаптап жүр. Менде бір оңтайлы ұсыныс бар: 1 қыркүйектегі линейкаларды жойсақ қайтеді? Тоқаевқа айта барыңыздаршы, айтсын ол кісі. Әйтпесе бізде жоғарыдан біреу әу демейінше, "линейка өтпей-ақ қойсын" деуге ешбір директордың батылы да, ақылы да жетпейді, – дейді ол.

2-3 сағат бойы бір орынды таптап тұрғаннан пайда бар ма?

– Маған салсақ, ол линейкалар кеңес дәуірінің атавизмі. Ешқандай мән-мағынасы жоқ жиын. Бейшара балалар, ата-аналар, мұғалімдер ыстық күннің астында тұрады. 2-3 сағат бойы бір орынды таптап тұрғаннан кімге, не пайда? Түкке пайдасыз сөздер айтылады. Одан не білімге, не мектепке деген сүйіспеншілік тәрбиеленбейді, деп жазды сарапшы Меруерт Махмұтова.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!