30 наурызда екі қаладағы барлық кәсіпорындар мен ұйымдар жұмысы тоқтайды

13:12, 27 наурыз 2020

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысы өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады, әкімдер А.Күлгінов пен Б.Сағынтаев Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы жағдай туралы баяндады.

Мемлекеттік комиссия коронавирус инфекциясының таралуын шектеу мақсатында ағымдағы жылдың 30 наурызынан 5 сәуіріне дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, бұқаралық ақпарат құралдары, азық-түлік дүкендері, дәріханалар мен тіршілікті қамтамасыз ету қызметінен басқа барлық кәсіпорындар мен ұйымдар (меншік нысанына қарамастан) қызметін тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.

Толық тізім қала әкімдіктерімен келісіліп анықталады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!