300 мың теңге пара алған шенеунікке 12 млн теңге айыппұл салынды

12:22, 19 қыркүйек 2019

Қызылордадағы Орман және жануарларды қорғау мемлекеттік мекемесінің басшысы пара алды деп айыпталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қызылорда орман және жануарларды қорғау мемлекеттік мекемесінің" басшысы Ф.Д.Смагуловқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол пара алды деген күдікке ілінген. Мекемедегі жайлы жұмысқа тұрғызу үшін ол біреуден 300 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелген, делінеді хабарламада.

17 қыркүйекте Қызылорда қаласының №2 сотының үкімімен Смагулов пара алғаны үшін мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылып, оған 12 млн теңге айыппұл салынды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!