18 мың долларға қызметте «жоғарлауға» көмектесетін жалған полиция қызметкері ұсталды

20:57, 31 қаңтар 2023
200

© Сурет: polisia.kz

Алматыда өзін құқық қорғау органы қызметкерімін деп таныстырған ер адам өзгелерге қызметте мансабын "жоғарлатып" беремін деп уәде берген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық полиция мәліметінше, ол ақысын төлесе, қызметте мансабын өсіруді уәде еткен. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады.

"Өзін құқық қорғау органдарының бірінің қызметкерімін деп таныстырған 1992 жылы туған А. есімді азамат мансаптық өсуге көмектесемін деп уәде берген. Бірақ бұл “қызметі” ақылы, ол үшін шамамен 18 мың доллар сұраған. Тергеу барысында күдіктінің өзінің құзыреттілігі туралы ақпаратты жеке бас пайдасы үшін таратқаны анықталды. Ниетінің тазалығына сендірген ол алдын ала төлемді аударуды ұсынған. Қазіргі таңда біздің бөлімшеде екі алаяқтық дерегі тіркелді", – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.

Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тергеушілер зардап шеккендердің саны әлдеқайда көп болуы мүмкін деп болжап отыр, сондықтан бұл адамның әрекетінен зардап шеккен азаматтарды Наурызбай аудандық полиция басқармасына келуге немесе мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуға шақырады: 8-707-447-07-50; 8-747-699-70-02.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!