1,5 млрд тыңдалым. Imanbek тағы бір жетістігі үшін марапатталды

22:59, 17 қаңтар 2022
176

© Сурет: Instagram.com/imanbekmusic

Қазақстандық диджей әрі музыкалық продюсер Иманбек Зейкенов Roses — Imanbek Remix трегі 2021 жылдың қазан айында әлем бойынша 1 миллиард тыңдалым жинап, ТМД-дан осы жанрда суырылып шыққан алғашқы музыкант болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

РБК мәліметінше, Spotify музыкалық қызметі осы трек үшін Иманбекті марапаттады. Қазіргі уақытта оның тыңдалым саны 1,5 миллиардтан асты.

Бұған дейін Spotify марапатын канадалық рэпер Дрейк, норвегиялық диджей Куга және британдық әнші Дуа Липа алған болатын.

Менің шығармашылығым бүкіл әлемнен өз жанкүйерлерін тапқаны өте тамаша. Spotify-де басқа әлемдік деңгейдегі жұлдыздармен қатар атымның аталуы екі есе жағымды. Imanbek

Ремикс америкалық рэпер SAINt JHN-тің Roses трегі 2019 жылы жарыққа шығып, қысқа уақытта әлеуметтік желілерде танымал болды, ал тиктокта "вирусқа" айналды. 2020 жылдың желтоқсанында композиция Spotify-дің әлем бойынша тыңдармандары арасындағы ең танымал 5 тректің қатарына енді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!