3 млн теңге пара алған директор Қиялбаев 56 млн айыппұл арқалап кетті 

11:15, 29 қаңтар 2020
393

Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін сыбайлас жемқорлық қылмысына күдікті болған "KMG EP-Catering" ЖШС-нің (Маңғыстау облысында орналасқан "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ" еншілес ұйымдарын тамақтанумен қамтамасыз ететін "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-ның 100% еншілес кәсіпорны) бас директоры Б.Н.Қиялбаевқа қатысты тергеу жүргізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол жеке кәсіпкерден азық-түлік сатып алу мен жеткізу мәселесінің оң шешімін табу, сондай-ақ әрі қарай жеке қамқорлыққа алу үшін 3 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

Ағымдағы жылдың 28 қаңтарында Ақтау қалалық сотының үкімімен Б.Н.Қиялбаев пара алды деп айыпталып, оған мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасымен бірге 56 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!