1 млн-нан астам қазақстандық SMS арқылы әлеуметтік төлем алады – А.Жұмағалиев

21:48, 2 сәуір 2020

1 млн-нан астам қазақстандық SMS арқылы табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алады, деп мәлімдеді ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев, деп хабарлайды zakon.kz.

Олардың қатарында:

1,2,3 топтағы мүгедектер;

Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлеген өзін-өзі жұмыспен қамтығандар;

Фрилансерлер;

Карантин аймағында жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер;

Жұмыспен қамту орталықтарында есепте тұрған жұмыссыздар.

Бүгінде 60 мың адамға 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны автоматты түрде аудару туралы SMS жіберілген.

Тиісті соманы алу үшін SMS-ке банк шотының нөмірін жазу арқылы жауап беру жеткілікті.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!