320 миллион теңгеден астам қаражат қымқырған қазақстандықтар Ресейде ұсталды

12:34, 16 наурыз 2018

Қазақстанның екі азаматы бюджеттік қаражат қымқырғаны үшін Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлағандай, Батыс Қазақстан облысының азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын құру бойынша бағдарламаны жүзеге асыру аясында, сондай-ақ Атырау қаласының оң жағалауындағы сутазартқы ғимараттарды салуға бөлінген бюджеттік қаражатты қымқырып, қашып кеткен екі азамат 2018 жылы наурызда Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына экстрадицияланды", — делінген хабарламада.

2017 жылы Ресей құқық қорғау органдары қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілген жедел іздеу шараларының нәтижесінде қылмыскерлер ұсталып, қамауға алынған.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, аталған тұлғалардың мемлекетке келтірген шығыны 322 миллион теңгені құрайды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!