15 маусымнан бастап елімізде кинотеатрлар өз жұмысына кіріседі

16:19, 29 мамыр 2020

2020 жылдың 15 маусымынан бастап санитарлық талаптарға сәйкестендіріле отырып, кинотеатрлар қайтадан өз жұмысына кіріседі, деп хабарлайды zakon.kz.

29 мамырда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерала Тоғжановтың төрағалық етуімен коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия тұрғындар мен мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ескере отырып, елде шектеу шараларын жұмсарту бойынша қосымша шешімдер қабылдады. Ведомствоаралық комиссия бірқатар өндіріс пен объектілердің жұмысын жандандыруды ескере отырып, қазақстандықтардың назарын профилактикалық шараларды қатаң сақтау қажеттілігіне баса назар аудартады (бетперде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау, тығыз қарым-қатынасты азайту).


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!