9 маусымдағы саудада доллар бағамы күрт өсті
© Фото: freepik
2026 жылғы 9 маусымда 15:30-дағы жағдай бойынша Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 490,21 теңгені құрап, бірден 5,12 теңгеге өсті.
Ресей рублінің бағамы 6,81 теңгеге (+0,17) дейін көтерілді.
Қытай юанінің күндізгі саудадағы бағамы 72,48 теңгені (+1,07) құрады.
Айырбастау пункттерінде доллар 488–491 теңге аралығында саудалануда, еуро –563,5–569 теңге, рубль – 6,53–6,67 теңге аралығына саудаға түсуде.
Бұл ретте, әлемдік мұнай бағасы 9 маусымдағы саудада төмендеді.
Атап айтқанда, Brent маркалы мұнай фьючерстері 1,2%-ға арзандап, бір баррель үшін 93,11 доллар болды. Ал АҚШ-тың West Texas Intermediate (WTI) маркалы мұнайы 1,4%-ға төмендеп, 90,00 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 484,78 теңге, еуроны 558,66 теңге, рубльді 6,6 теңге деңгейінде белгілеген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:10, 9 маусым 2026
жаңбыр, бұршақ және +38 градус ыстық: 10 маусымда ауа райы құбылмады болады
-
17:03, 9 маусым 2026
Қазақстан волейболдан AVC Ұлттар кубогында өз тобында көш бастады
-
16:55, 9 маусым 2026
Спорт министрлігі кальянды заңдастыру мәселесіне қатысты ұстанымымен бөлісті
-
16:41, 9 маусым 2026
Астанада қарсы бағытқа шығып, екі адамның өліміне себеп болған жүргізушіге үкім кесілді
-
16:29, 9 маусым 2026
Экология министрлігі жасанды жаңбырдың егінге зияны жоқ екенін мәлімдеді





