1-маусымда өңірлерге пойыз қатынай бастайды: сақталуы тиіс тәртіп пен ереже

09:57, 21 мамыр 2020
516

Карантин кезінде пойыз жолаушыларының санына шектеу болмайды. Вагонда неше орын болса, сонша адам отырғызылады. Қазір барлық вагон залалсыздандырылуда. Жамылғы, төсеніштерге дейін арнайы қоспалармен жуылып жатыр. 1-маусымда ел ішінде пойыз қатынасы жанданады, - дейді пойыз басында болған КТК телеарна тілшісі.

"Бір пойыз құрамын залалсыздандыруға шамамен бір жарым сағат уақыт кетеді екен. Әр вагон пойыз жолға шықпай тұрып дезинфекцияланады. Азаматтардың арасында әлеуметтік қашықтықтың сақталуы талап етілгенімен, әр вагонда қанша орын бар, сонша адам отырғызылады – жолаушылардың санына шектеу болмайды. 16-наурызда шойынжол қатынасын тоқтату туралы мемлекеттік комиссияның ұйғарымы жарияланған, Міне, екі айдан кейін билет саудасы қайта басталды. Ал 1-маусымнан бірқатар бағытта пойыздар қайта жолға шығады. Бірақ әр жолаушы санитарлық талапты қаперден шығармауға міндетті", - дейді телеарна тілшісі.

Мәди Мұхамтеқали, "Жолаушылар тасымалы" АҚ өкілі:

- ҚР Бас санитарлық дәрігері бекіткен жолаушыларға қойылған арнайы талап бар. Әр жолаушы бетперде киіп жүруі керек. Вокзалға кірген бетте тексеріледі. Егер дене қызуы жоғары болмаса, вокзалға кіргізіледі. Одан кейін пойыздарға отырғызу жұмысы жүргізіледі.

Қазір барлық пойыз құрамы дайын. Вагондардан бөлек, жамылғы, төсеніштер де бұрынғыдан басқа тәсілмен жуылып жатыр. Жуғыш заттар вирус жойғыш қоспамен толықтырылған.

Айымгүл Айтаева, Кір жуу компаниясының қызметкері:

- Төсек жабдықтарды біздің жұмыскерлер сұрыптаудан өткізеді. Одан соң кір жуу машинасына салып, 70 градус ыстық сумен жуып, микробтарды өлтіреді. Бактерияларды жою үшін қолданатын қоспа бар. Ол осыған дейін де қолданылды. Бірақ қазір оның мөлшері көбейтілді.

10-маусымда теміржол қатынасын жандандырудың екінші кезеңі басталады. Сондықтан мамандар билетті вокзалға бармай-ақ, онлайн немесе теміржол кассасынан сатып алуға кеңес береді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!