1 қыркүйектен бастап балалар қашықтан оқитын болды

12:53, 14 шілде 2020
540

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, күз айлары - ЖРВИ-дің таралатын уақыты. Сондықтан, осындай мәселелерді саралай келе, 1 қыркүйектен бастап еліміздегі барлық мектептер қашықтан оқыту форматында оқитын болады деген шешім қабылданды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл өте күрделі шешім. Мұндай шешімді қабылдамас бұрын ең алдымен, сарапшылармен ақылдасып, ата-аналардың пікірлерін тыңдадық. Халықаралық тәжірибеге де назар салдық. Ең басты мәселе – балалардың, ата-аналардың, педагогтердің денсаулығы. Сол себепті, осындай шешім қабылдап отырмыз. 1-11 сынып тұтас қашықтан оқитын болады. 1 қыркүйекке дейін тиісті жағдайды жасап беруіміз керек, деді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Барлық санитарлық талаптарға сай жұмыс жүргізілетін болады. Оның ішінде бала таңертең сабаққа келгенде оның дене қызуын өлшеу, зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізу, сыныптарды бірнеше ауысымға бөлу мәселесі қарастырылмақ.

Біріншіден, қашықтан оқытуды енгіземіз дегенмен де, еліміздегі шалғай жатқан ауылдарда шағын мектептер бар. Мұндай мектептерде 5, 10, 15 баладан оқиды және мектепке жаяу барып келеді. Осындай шалғайдағы қауіп жоқ өңірерде орналасқан мектептерде штатты режимде оқыту жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік беріп отырмыз. Екінші мәселе, бастауыш сыныптардың оқушыларына қатысты. Егер осы бастауыш сыныптарға қатысты ата-аналардың өтініші болса, біз уақытша сыныптарды ашып беруге дайынбыз. Оған әрине, тиісті жағдай жасалуы қажет, - деп қосты Білім және ғылым министрі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!