1 қазанда елдің солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашын күтіледі

16:51, 30 қыркүйек 2022
163

© Сурет: pixabay

Қазақстанның оңтүстігі мен орталығында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің батысында жаңбыр, солтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), шығыста қар жауады.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл, шығыста жолдарда көктайғақ күтіледі... Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аймақтарында топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді. "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

Болжам бойынша, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

  • Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні 2-7 м/с болады. Ауа температурасы түнде -5...-7°С, күндіз +4...+6°С;

  • Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +2...+4°С, күндіз +10...+12°С жылы;

  • Шымкент қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің күші 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +8...+10°С, күндіз +20...+22°С жылы.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!