15 қаңтарда Қазқстанның басым аймағында тұрақсыз ауа-райы орын алады

10:38, 15 қаңтар 2019
440

Қазақстанның басым облыстарында жауын-шашынмен өтетін тұрақсыз ауа-райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшейюі күтіледі. Бұл туралы zakon.kz РМК "Қазгидромет" берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіліп, Жалаңашкөл ауданында жел 18-23, екпіні 28 м/с күшейеді.

Шығыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20, Жарма ауданында желдің екпіні 25 м/с күшейеді.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел екпіні 23-28 м/с жетеді.

Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік-Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын қүтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. тұман күтіледі.

Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!