77-ге келген кейуана көмір жағамын деп, немересі уланып қайтыс болды

15:57, 28 қазан 2020

Ақмола облысының Аршалы кентінде Бүтіндей бір шағын аудан тұрғындары көпқабатты үйде көмір жағып күн көруде. Әр пәтер иесі үйіне пеш орнатып алған. Оның мұржасы бітеліп, адамдар уланып өлген жағдайлар да болған екен. Жергілікті тұрғындар биліктегілерден осы мәселені шешіп беруді талай мәрте сұрады. Бірақ, "ертең" деген әдемі ертегіге ел әбден тойды. Жаңа жылу жүйесі үшін бюджеттен 18 миллион теңге бөлініпті. Бірақ орнатылған құбырлар қосылмастан, қайта бұзылып жатыр дейді.

Шолпан Хамитова жақында 77-ге келеді. Аршалы кентінің №2 шағын ауданында тұратын кейуана көпқабатты үйдегі пәтеріне осылай көмір тасуға мәжбүр. Өйткені 20 жылдан бері оның үйі орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылмаған. Жергілікті билікке ол мұны айтқан, бірақ олардан қайыр болмаған соң, үйіне қолдан пеш орнатқан. Өкініштісі сол, өз қолымен жасаған құрылғы немересінің өмірін жалмапты.

Шолпан Хамитова, Аршалы тұрғыны:

Түнде қайтыс болды. Пеш жағып, пештің түбіне көрпе салып, ұйықтап қалдық. Тұрсам, немерем қасымда... Содан мен тұрып, немеремнің қасына құладым. Иіс тиді. Далаға шықтым, көршілер келді. Сосын қызыма хабарластым. Қызым келді. Бірінші класста болған Анарик.

Шағын аудандағы 300-ге жуық пәтер иесі ел аузында «буржуйка» деп атанған пешті қолданады екен. Осы жазда жергілікті билік тұрғындарға «көмір алмаңдар, жылу өткіземіз» деп қуантыпты. Тіпті, 500 адам мекен ететін шағын ауданға құбыр тартқан. Алайда кейіннен шенеуніктер жылу жүйесін пәтерге дейін жеткізу үшін қаржы сұрапты.

Біз тұрғындармен тілдесіп тұрғанда, дәл сол жылу жүйесін коммуналдық ұйым қайта қазып алып жатқанын байқадық.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, 20 жылдан бері жылусыз отыру мәселесін, міне, мына құбырлар шешуі керек еді. Жазда жергілікті коммуналдық компания мына құбырларды салған. Бірақ белгісіз себептермен 3 ай өткенде жап-жаңа құбырларды бір жаққа алып бара жатыр. Біз сұрастырып көрдік, бірақ жауап берге жоқ.

Дәл осы сұрақты Аршалы кентінің әкіміне де қойдық. 4 жыл бойы елді мекенге басшылық етіп келе жатқан шенеунік былай деді.

Ғабдулла Ахметжанов, Ақмола облысы Аршалы кентінің әкімі:

Давайте так, ЖКХ айтсын, өз вопросын. Мен айта алмаймын. Это неправильно будет. Отдел ЖКХ айтсын, теплотрасса туралы.

Тәптіштеп түсіндірсек, 300 пәтер иесі шапағатын көре алмай отырған шойын құбырлар жергілікті аурухананы жылытуы тиіс. Жобалық-сметалық құжатта кенттегі бас қазандықтан ем-дом мекемесіне дейін жылу жүйесі төте жолмен тартылу керек деп көрсетілігенімен, шенеуіктер оны айналма жолмен жіберіпті. Өйткені құбырлар аурухана жұмысына кедергі болады деп ойлаған. Бірақ күн суытқанда оның жылу ұстау қабілеті нашар екендігін байқап, қайта қазып алған-мыс. Айтпақшы, аталмыш жобаға бюджеттен 18 миллион теңге бөлініпті. Шенеуніктер келесі жылы барлығы ретке келеді дейді.

8 мың тұрғыны бар кентте ауыз су жоқ, үйлердің де тозығы жеткеен. Балалар ойнайтын алаң ол салынбаған. Дегенмен, әкімі бұл мәселенің барлығын болмаса да, біршамасын шешемін дейді.

Біз Аршалы ауданының әкіміне де бас сұқтық. Бірақ ол іссапармен елордаға кетіп қалыпты. Айтпақшы оның орынбасары мен тағы бөлім басшысы "жер телімі мәселесін оң шешіп беру үшін 800 мың теңге пара алды" деген күдікпен қолға түскенін анықтадық. Олар қазір Көкшетаудағы уақытша ұстау изоляторына қамалған. Бірақ жергілікті халық бұдан бізге келіп-кетер пайда жоқ, дейді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!