«7-20-25» бағдарламасы бойынша несиеге мыңнан аса өтініш мақұлданды
«7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде несие беруге 1 026 өтініш мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2018 жылдың 20 тамызындағы жағдай бойынша қарыз алуға 18,6 млрд теңгелік сомаға 1 586 өтініш қабылданды. Оның ішінде 11,9 млрд теңге сомаға қарыз беруге 1 026 өтініш мақұлданды», - делінген хабарламада.
Ұлттық банктің баспасөз қызметінен хабарланғандай, «7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтар бойынша «Баспана» ипотекалық ұйымына + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуға болады.
Сонымен қатар, азаматтар ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында baspana72025.kz сілтемесі бойынша қосымша ақпаратпен таныса алады.
Еске сала кетсек, бүгін Алматыда өткен баспана конгресінде жылжымайтын мүлік нарығына қатысушылар «7-20-25» бағдарламасын талқылаған болатын.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:58, 20 сәуір 2024
Су тасқынынан зардап шеккен 21 мыңға жуық адам өз үйлеріне оралды
-
10:35, 20 сәуір 2024
Су тасқынынан зардап шеккен фермерлер шығынын өтеу тәртібі әзірленді
-
10:20, 20 сәуір 2024
Су тасқыны кезіндегі шығынын өтеуді сұрап, 17 мыңға жуық азамат өтініш тапсырды
-
09:49, 20 сәуір 2024
Бүгін еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді
-
09:39, 20 сәуір 2024
Төтенше жағдайлар жөніндегі министр түнде БҚО-ға қайта оралды