8 айда отандық кәсіпорындар 1118 трактор және 736 комбайн өндірді

13:56, 22 қыркүйек 2020

Қазақстанда ауыл шаруашылығы машинасын жасау өндірісінің көлемі 2019 жылдың қорытындысында 122,4 млрд теңгені құрап, 1849 трактор мен 791 комбайн өндірілген еді, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биылғы 8 айдың қорытындысында отандық кәсіпорындар 20,3 млрд теңгеге 1 118 трактор және 34,7 млрд теңгеге 736 комбайн өндірді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе артық.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі отандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды ынталандыру мақсатында тракторлар мен комбайндарға жеңілдікті лизинг бағдарламасын іске асыруда. Бағдарламаның негізгі шарттары техника құнының 15% бастапқы жарнасымен 7 жылға 7%-бен лизинг алушыға қаржыландыру ұсынылады. 2018 жылы бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 3 млрд теңге, 2019 жылы 3,5 млрд теңге және 2020 жылы 6,5 млрд теңге бөлінд
і.

Саланы әрі қарай қолдау мақсатында жеңілдікті лизинг бағдарламасы шеңберінде "ҚДБ-Лизинг" АҚ арқылы тракторлар мен комбайндарға 2021-2025 жылдарға 13,5 млрд теңге мөлшерінде қосымша қаражат бөлу ұсынылып отыр. Сонымен қатар, инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау жөніндегі агроөнеркәсіптік кешен бағдарламасы шеңберінде шетелдік техникаға берілген субсидиялар көлемін мемлекеттік қаржыдан жылына бөлінетін субсидиялардың барлық көлемінің 30%-нан аспайтын мөлшерде белгілеу жоспарланып отыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!