2 ай бұрын ресми қайтыс болған атыраулық үйіне оралды

10:16, 6 қараша 2018

2 ай бұрын ресми түрде өлі деп танылған Айғали Супуғалиев үйіне оралды. Осы оқиғаға қатысты ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптама орталығы арнайы комиссия құрды. Бұл туралы ҚазАқпарат аталған ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Комиссия тиісті тексеріс жүргізіп, нәтижесі бойынша қосымша ақпарат береді.

«Қазіргі уақытта Атырау қалалық прокуратурасы ҚР ҚПК 183-бабы 1-бөліміне (БАҚ-та жарияланған ақпарат, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуына себеп бола алады) сілтеме жасай отырып, материалды сотқа дейінгі бірыңғай реестрге тіркеді. 4 қарашада СЖҚҰБ қызметкерлері сот-медициналық сарапшысының қатысуымен мәйіттің эксгумациясын жүргізді», - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Қолда бар ақпарат бойынша, нағыз туыстығының ықтималдық шамасы 99,92% нәтижесін көрсеткен генетикалық тексеріске, Супуғалиевтің жақын туыстарынан сілекейлері мен қандарының үлгілері алынған.

Айта кету керек, сарапшы есептеуді қайталамаған және тұжырым ықтимал нысанында берілген.

Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысы Томарлы ауылындағы 2 ай бұрын жерленген Айғали Супуғалиевтің үйіне оралғаны туралы бірнеше БАҚ мақала жариялаған еді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!