Ырымға сенуге бола ма?
Уруа ибн Амир (р.а.): «Бір күні Алла елшісінің (с.ғ.с.) мәжілісінде жақсы-жаман ырымдарға қатысты әңгіме қозғалған еді. Сонда Алла елшісі (с.ғ.с.): «Ең абзалы – жақсылыққа жору, сондықтан жаман ырым еш уақытта мұсылманды алған бетінен қайтармасын. Қайсыбірің көңіліне жақпайтын қандай да бір нәрсе (құбылыс) көрсе: «Уа, Алла тағалам! Жақсылық атаулының барлығы бір Өзіңнен ғана келеді. Сондай-ақ, жамандық атаулыға бір Өзің ғана тосқауыл бола аласың. Нағыз құдірет Саған ғана тән әрі бізге күш-қуат беретін де бір Өзіңсің», – деп дұға етсін», – деп айтты» – деген (Әбу Дәуіт, тыб 24).
Әнас (р.а.): «Алла елшісі (с.ғ.с.): «Алла қаламаса, жұқпалы ауру да басқаға жұқпайды. Сондай-ақ, құстардың ұшып өткені жамандықтың нышаны емес. Мен жақсы жоралғыны ұнатамын» дегенде жанындағы сахабалары: «Уа, Алланың елшісі! «Жақсы жоралғы» дегенді қалай түсінеміз?» – деп сұрады. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Жақсы жоралғы дегенім – (жүрекке жылу ұялатып, үміт отын жағатын) жақсы сөз», – деп жауап берді», – деген (Бұхари, тыб 19; Муслим, сәләм 102).
Дереккөз: asylsoz.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:48, 10 желтоқсан 2021
Суықта ағзаға қуат беретін 8 азық-түлік аталды
-
23:00, 8 желтоқсан 2021
Диетолог танымал екі салаттың құрамын өзгертуді ұсынады
-
19:39, 7 желтоқсан 2021
Шығыс жұлдызнамашылары 2022 жыл кімдерге сәттілік әкелетінін айтты
-
15:30, 13 қаңтар 2020
Киілген киімді басқа біреуге беруге неге болмайды?
-
10:52, 23 шілде 2018
Ғалымдар тіс пастасының зиян екенін хабарлады