Табиғи антибиотиктер

22:06, 15 ақпан 2017
2210

1. Ақжелкек (хрен)

 Ақжелкектің тамырында қыша майлары және ферменттер бар. Оны жаққан кезде оттегінің әсерінен екі зат бірігіп, аллил қыша майлары қалыптасады. Мұның өзі мұрын мен тыныс алу жолдарының бактерияларымен күресетін өте күшті табиғи антибиотик болып табылады.

 Трахеит, бронхит, созылмалы жөтел кезінде: 1 ас  қасық үгітілген ақжелкекке 3 ас қасық бал қосып араластырып, тұндырып қоямыз. Дайын болғаннан соң күніне 1 шай қасықтан 5 рет тұтыну қажет, қоспаны ауызда еріту қажет.

 

2. Мүкжидек

 Зәр шығару жолдарындағы зиянды бактерияларды тазалап, қуатты антибиотик және вирусқа қарсы зат ретінде әрекет етеді. Мүкжидек – тамаша антиоксидант, бұл еркін радикалдардың зиянды әсерінен жасушаларды қоғайтын заттарға бай.

Мүкжидек квасы

 Мүкжидекті жуып, жентектен, оған су құйып қайнатады да сүзеді. Сонан соң алынған тұнбаға қант қосып қайтадан қайнатады да, суытады, (тұнба шамалы жылу үшін). Содан кейін ашытқы салып, араластырып, бір тәулік қояды. Шөлмекке немесе банкаға құйыл, салқын жерде сақтайды. 2—3 күннен кейін квас әзір болады. 800 г мүк жидегіне: 350—400 г құмшекер, 40 г ашытқы керек.

 

3. Сарымсақ

 Сарымсақ қан, ішкі органдар мен тыныс алу жолдарының зиянды бактериялары, ішек паразиттері және вирустарды жоюға көмектеседі. Ол қан қысымын төмендетеді және қанның ұюын болдырмайды. Сарымсақ ісікке қарсы және денені зиянды заттардан тазартады, соның арқасында антиоксиданттық қасиеттерге ие.

 Бір бөлік сарымсақта 400-ге жуық пайдалы компоненттер бар. Олар қандағы холестерин деңгейін төмендетеді және қанды тазалайды. Туберкулез таяқшаларымен хеликобактерді (асқазан жарасын тудырушы бактерия) жойып, ағзадағы құрттарды тазалайды.

 

4. Райхангүл (базилик)

 Райхангүл – тамаша табиғи антибиотик. Дезинфекциялық, бактерицидтік қасиеттерінің арқасында, ол ағзаны көптеген инфекциялардан қоғайды.

Баспа (ангина)

 250 мл қайнаған суға 4 шай қасық майдаланған райхангүл қосып, 20 минут қайнатады. Суытып, тәулігіне 2-3 рет тамағыңызды шайыңыз.

 

5. Көкжидек

 Бұл жидектің құрамында ауруды төмендетіп, созылмалы қабыну салдарын жоюға көмектесетін табиғи аспирин бар. Көкжидек зәр шығару жолдарының бактерияларын жойып, антибиотик ретінде әрекет етеді.

 

Дереккөз: anabol.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!