Солақайлар туралы 13 қызықты жаднама
Ардақты Массагеттің оқырмандарына солақайлар туралы кейбір қызықты фактілерді ұсынамыз:
- Әлемдегі халықтың шамамен 10-12 пайызы солақайлар. Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, әйел адамдардан гөрі жігіттер қауымы көп жағдайда солақай болып келеді екен.
- Халықаралық "Солақайлар күні" реми түрде 13 тамызға бекітілген. Бұл күнді белгілеу туралы шешім 1992 жылы қабылданған.
- Солақайлық әр кезеңдерде әр түрлі бағаланып келген. Кейбір халықтар бұл қасиетті әдет ретінде түсінсе, бір халық жынның белгісі ретінде қабылдаған.
- Нью-Йорктегі Сэйнт Лоуренс универститеті ғалымдарының зерттеуінің нәтижесі бойынша ақылдылық коэффициенті солақайларда жоғарырақ болады екен. Мәселен, Альберт Эйнштейн, Исаак Ньютон, Чарльз Дарвин және Бенжамин Франклин солақай адамдар болған.
- 40-тан асқан әйелдің баласының солақай болып туылу ықтималдылығы өте жоғары болады.
- Эскимостар солақай адамды сиқырға икемі бар адам деп біледі. Мароккода солақайларды s’ga, яғни, жын деп атайды. Солтүстік америкалықтар солақайларды жолы ашық адам ретінде бағалайды.
- Адам баласының 90 пайызы оңақай болса да, жан-жануарларда бұл икем тең бөлінген.
- Ғалымдардың айтуынша, солақайлар математика, архитектура секілді кеңістікке байланысты ғылымдарға икемдірек болады.
- Солақайлық ұрпаққа қанмен беріле береді.
- Солақай жандардың миының оң және сол бөліктерінің байланысы өте сапалы. Осының әсерінен олар тез ойлайтын, тез шешім қабылдайтын болып келеді.
- Әлемдегі 1 пайыз адам ғана екі қолымен бірдей икемде жұмыс істей береді.
- Сәбиді етпетімен жатқызғанда оңақайлар басын оңға бұрып жатса, солақайлар керісінше істейді немесе сол күйі жата береді екен.
- Әлемге әйгілі болған солақайлардың арасында Пол Маккартни, Билл Гейтс, Фидель Кастро, Генри Форд, Чарли Чаплин, Александр Великий, Леонардо да Винчи, Микеланджело, Льюис Кэрролл, Юлий Цезарь, Моцарт, Бетховен, Ницше, Марк Твен , Прокофьев, Гете, Кафка секілді планета мақтаныштары бар.
Дереккөз: massaget.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:41, 6 мамыр 2026
Ғалымдар демікпенің ауыр түрі несімен қауіпті екенін түсіндірді
-
17:45, 4 мамыр 2026
Газдалған сусынды жиі ішу қандай қауіп төндіреді - мамандар кеңесі
-
13:26, 12 ақпан 2026
Booking платформасы әлемдегі ең қонақжай қалалардың тізімін жасады
-
14:33, 21 қаңтар 2026
Дене салмағының қалыпты деңгейі қатерлі ісік қаупін азайтады - дәрігер кеңесі
-
12:06, 20 қаңтар 2026
Археологтар 40 мың жыл бұрынғы құпия үңгірді тапты





