Ерінбей еңбек етсең, атақ-даңқ өзі келеді

16:22, 15 қаңтар 2017

Америкалық бизнесмен, инвестор, филантроп, мотивация спикері Фаррах Грейдің "Сізді байытпайтын 7 қателік" кітабы – әлемге кең таралған кітаптардың бірі. Осы кітаптан үзінді ұсынамыз:

Маған хатшы болып жұмысқа тұруға келген әйелден болашақта кім болғысы келетінін сұрадым. Ол:

– О, "Оскар" жүлдесін табыстау рәсімінде ең алғашқы қатарда маған алтын тұғырды табыстайтынын күтіп отырғанымды көремін, - деп жауап берді. 

– Бір жерде актерлік шеберлікті оқыдыңыз ба? - деп қызықтым мен күлкімді әзер тыйып. 

– Жоқ. 

– Қойылымда ойнап көрдіңіз бе?

– Жоқ. 

Бұл әйелдің ешқандай актерлік тәжірибесі жоқ еді (сондықтан да өзінің қабілеті жететін, жетпейтінін білмеді), тәжірибе алуға да ұмтылмаған. Бірақ өзін "Оскар" лауреаты ретінде көрді. Жай ғана атақты болғысы келді. 

Адамдар бұның не екенін білмей жатып, атақ-даңққа жиі ұмтылады. Мені күн сайын көшеде көрген жұрт таниды, бұған етім үйреніп те кетті. Сіз де мені атақты адам деп ойлайтын боларсыз. Бірақ мен олай ойламаймын. Мен теледидар бағдарламаларының жиі шақыратын қонағына айналдым, өйткені, өз саламда сәттілікке жеттім.Сіз теледидар студияларындағы жарық мені атақты қылды деп ойлайтын шығарсыз, шын мәнінде, олай емес. Атақ-даңқ бизнес саласындағы жетістіктерімнің арқасында келді, осы жетістіктерім маған ойларымды кең таратуыма мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, мен атақ пен қоғамның мойындауына ерікті түрде ұзақ уақыт бойы тер төге жұмыс істеуімнің арқасында ие болдым. Егер сіз де құрметке ие болғыңыз келсе, ең алдымен сәтті жұмыс істеудің арқасында өз-өзіңізді сыйлата алуыңыз керек. Басқаша деу бекер.  

Атақ-даңқ бәрін бірдей теледидарға шығуға әкелмес, есесіне, ештеңеден тарықпай, бай өмір сүретін боласыз. 

Дереккөз: massaget.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!