Ерін далабының түсі қандай?

16:36, 18 ақпан 2017

Әйел заты тым нәзік жаратылыс иесі,оның ерін далабына қарап қандай жан екенін байқауға болады. Ендеше психологтың кеңесіне құлақ түріңіздер.  

Ашық-қызыл түсті далапты - қолданатын әйелдер байсалды,отырған орнында, қоршаған ортасында өзіне сенімді, аз-аздап паңдығы да бар. Кей-кейде махаббат бойынша жеңіл-желпі шатысқа да барып қалатын адамдар болғаны.

Күлгін түсті далапты - жақсы көретін әйелден мүмкіндігінше алыстау жүрген жөн.Олар өте менмен,қолынан келсін-келмесін әр нәрсеге ұрына  кететін,өкініш дегенді білмейтін тік бақайлы болып жаратылған. Айтқанынан қайтпайтын тік мінезді адамдар.

Қоңыр түсті далапты - ұнататын әйелдің сыртқы бейне,бет-пішіні момақан ғана болып көрінеді және оған сеніп те қаласың,алайда,ішкі жан-дүниесі от болып жалындап тұрады.  Оны сын сөзбен білдіреді.

Қып-қызыл далапты - ұнататын әйел мақсатына атойлап жетеді екен және де олар адал,ақиқатшыл, кей-кейде қатігез болғанымен негізінен тіке айтатын, айналасындағыларға жақсы әсер ететін және солай ете алатын жандар болып келеді.

Сұйық түсті далапты - ұнататын әйелер  белсенді болып келеді,алдағы күндерге сеніммен қарайтын,салауатты өмір сүрушілікке құштар жандар.

 Дереккөз: anabol.kz

 


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!