«Дежавю» әсерінің сыры неде?

22:01, 12 қаңтар 2017
1269

Күнделікті өмірде көше бойымен келе жатып, белгілі бір бұрылысқа тоқтай қаласыз да «мен бұл жерден өттім, мүмкін емес, қайтадан өтуім» деп таң қалып айғай саулыңыз да мүмкін. Тіпті бұл сиқыр ма деп те қаласыз. Бірақ бұл ешқандай сиқыр емес. Бұл «дежавю» деп аталатын құбылыс.

Дежавю – француз тілінен енген. «Ендігі көргем» дейтін мағынада келеді. Адамның бір әрекетті қайтадан екінші рет тура сол қалпында жасау үдерісі. Ғалымдардың зерттеуінше адамзаттың 90% осы дежавю құбылысына тап болады. Бұл құбылыстың атауын «дежавю» деп қойғанымен, оның нақты қалай пайда болатыны, теориясы әлі күнге дейін белгісіз жұмбақ күйінде тұр. Бірақ үш саланың ғалымдары: неврологтар, психолог және эзотериктер өздерінше пайым жасап көрді.

Неврологтар: «Бұл мидың қателігі»

Адамның дежавю құбылысына түсуі мидың белгілі бір бөлігі дұрыс жұмыс жасамағаннан болуы мүмкін дейді. Мидың ол бөлігі «гиппокамп» деп аталады. Гиппокамп қазақша айтқанда «ақпарат сақтаушы» бөлік. Егерде бұл бөлік жұмысын дұрыс атқармаса, біз орындап кеткен әрбір ісімізді жаңадан қайта істеп жатқандай күйде боламыз. Бұл сақтаулы тұрған ақпараттардың шатысуынан болуы мүмкін.

Психологтар: «Түспен байланысы бар»

Адамның жан дүниесін түсінетін ғалымдар қатары бұл құбылысты түспен тікелей байланыстырады. Зигмунд Фрейдтің ойынша, адам түс көру кезінде жүз мыңдаған түрлі нәрселерді көре алады және оның бір-екеуі адамның санасына тым жақын әсер етуім мүмкін және содан келіп не түсте не өмірде болған секілді қайталанулар болады дейді. Ойын сабақтай келіп, түсте болған әрекеттердің шынайы өмірде болған секілді орын алуы «дежавю» дейді. Бірақ мұның өзі нақты емес.

Эзотериктер: «Жанның көшуі»

Эзотериктер дежавю құбылысын «қайта тірілу» теориясымен салыстырады. Олардың айтуынша біздің жанымыз бізге дейін тәнде өмір сүрген, жанның санасындағы әрбір әрекет соның қайталану үдерісі дейді. Қарапайым тілмен айтқан кезде жанымыз әр кез сайын бір дүниені қайталайды тек тәніміз ғана ауысып отырған.

Бұл пайымдаулар ешбір негіз ретінде қарастырылмаған. Бірақ пайым бар жерде пікірі де, ой да бар.

Дереккөз: massaget.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!